Алматыда Райымбек даңғылындағы BRT құрылысы қашан аяқталады
Опубликовано:
Читать на русском
Алматы қаласының әкімдігі Райымбек даңғылындағы BRT құрылысын 2026 жылы тамыздың соңына дейін аяқтау жоспарланып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматы әкімдігінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, қала билігі келесі жылы Райымбек даңғылы бойындағы BRT желісінің құрылысын соңына жеткізу жоспарлап отыр.
Қазіргі уақытта жұмыстың 31 пайызы біткен.
"Жерді сатып алу процесі аяқталуына қарай құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты 2026 жылы тамыздың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр", - деп мәлімдеді әкімдік өкілі.
Сонымен қатар ведомстводағылар бұл учаскедегі жұмыс 2025 жылы аяқталуға тиіс болғанын, бірақ жерді сатып алу процесінің ұзаққа созылуына байланысты оны аяқтау келесі жылға қалдырылғанын хабарлады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2325163-almatyda-raiymbek-danggylyndagy-brt-qurylysy-qashan-aiaqtalady/