jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Жолаушы көз жұмды: Мюнхеннен Бейжіңге бара жатқан ұшақ Алматыға шұғыл қонды

Ұшақ салоны
Ұшақ салоны. Көрнекі фото: pexels.com

Lufthansa ұшағы борттағы төтенше жағдайға байланысты Алматыға шұғыл қонды – рейсте жолаушы көз жұмған. Қазақстанның авиация әкімшілігі жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 желтоқсанда Мюнхеннен Бейжіңге бағыт алған Lufthansa компаниясының LH 0722 рейсімен ұшып бара жатқан жолаушы өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған.

"Экипаж мүшелері Алматы халықаралық әуежайына шұғыл қонуға шешім қабылдады. Әуежайдың медициналық қызметі мен қалалық жедел жәрдем бригадасы ұшаққа тез арада жіберілді", - делінген хабарламада.

Келіп жеткен медицина қызметкерлері жолаушының ұшу кезінде көз жұмғанын анықтады.

Ұшақ Алматыда жанармай құйып алып, сағат 7:56-да баратын әуежайына ұшып кетті.

Жолаушы көз жұмды: Мюнхеннен Бейжіңге бара жатқан ұшақ Алматыға шұғыл қонды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.