jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

2 метр 10 сантиметр: Отан алдындағы борышын өтеп жүрген тағы бір бойшаң сарбаз туралы не білеміз

Илья Хальчуков
Илья Хальчуков. Фото: Қорғаныс министрлігі

Абай гарнизонында еліміздегі бойы ең ұзын сарбаздардың бірі – қатардағы жауынгер Илья Хальчуков әскери борышын өтеп жүр, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Илья Петропавл қаласының тумасы, мамандығы – автокөлік жөндеушісі. Оның бойы – 2 метр 10 сантиметр. Отбасында алып адамдар жоқ: әкесінің бойы 1 метр 90 сантиметр болса, анасының бойы – 1 метр 60 сантиметр.

Илья Хальчуков өзге сарбаздармен.
Илья Хальчуков өзге сарбаздармен. Фото: Қорғаныс министрлігі

Сарбаздың айтуынша, бойдың ұзындығының кей жағдайда, әсіресе саптық дайындық пен дене шынықтыру нормативтерін орындау кезінде пайдасы бар.

Илья Хальчуков
Илья Хальчуков. Фото: Қорғаныс министрлігі

"Мен әрдайым бойшаңдығыммен көзге көп түсем, алайда оны ешқашан мәселе деп санаған емеспін. Әскерде бастысы – сыртқы келбет емес, тәртіп, жауапкершілік және әскери борышты орындауға әзір болу екенін түсіндім", - дейді Илья Хальчуков.

Ведомствоның мәліметінше, әскерде мұндай антропометриялық деректер сирек кездескенмен, әскери қызметші қызмет жағдайына тез бейімделіп, жөндеу ротасында өз міндеттерін сенімді атқарып жүр. Ол әскери техникаға техникалық қызмет көрсетілуіне және оның жарамды күйде болуына жауап береді.

Илья Хальчуков өзге сарбаздармен
Илья Хальчуков өзге сарбаздармен. Фото: Қорғаныс министрлігі

Сондай-ақ Ильяның бойының ұзындығын ескерген бөлім басшылығы да барлық қажетті жағдайды жасаған. Сарбазға әскери киім арнайы өлшеммен тігіліп, аяқ киім жеке тапсырыспен алынған. Ал жатын орны бойына сай бейімделген.

Илья Хальчуков өзге сарбаздармен
Илья Хальчуков өзге сарбаздармен. Фото: Қорғаныс министрлігі

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "Батыс" өңірлік қолбасшылығының теңіз жаяу әскерлері бригадасында бойы 2 метр 9 сантиметр болатын сарбаз Әлішер Назымбек туралы жазған едік.

2 метр 10 сантиметр: Отан алдындағы борышын өтеп жүрген тағы бір бойшаң сарбаз туралы не білеміз

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.