jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

225 үміткерге бұйырды: "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Студенттер
Студенттер. Иллюстрациялық фото: Fizkes/Getty Images

"Болашақ" халықаралық стипендиясы мен "Ғылыми тағылымдамалар" бағдарламасы иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешіміне сәйкес биыл 225 Қазақстан азаматы "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды. Олардың ішінде 152 адам магистратурада білім алуға, 16 үміткер докторантура бағдарламаларына жолдама алды. Ал 57 қазақстандық әлемнің жетекші университеттері мен ғылыми-білім беру орталықтарында кәсіби тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың 69,8 пайызы жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша, ал 30,2 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бейін бойынша оқиды.

Сонымен қатар тағы 182 қазақстандыққа әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия тағайындалды.

2026 жылы кәсіби тағылымдамаларға қатысушылар үшін "Жасанды интеллект жүйесін пайдаланушылар" атты жаңа санат бекітілді.

Сондай-ақ комиссия отырысында 2026 жылдан бастап магистратура, докторантура, тағылымдама бойынша атом энергетикасы саласындағы мамандарды даярлауға бағытталған арнайы санатты енгізу туралы шешім қабылданды.

Грант иегерлерінің тізімін мына сілтемеге басып, оқи аласыз.

225 үміткерге бұйырды: "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.