2025 жылдың соңғы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады
Опубликовано:
Читать на русском
Синоптиктер желтоқсанның соңғы күндеріне арналған Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялады. Болжам бойынша жылдың соңғы күндері жауын-шашын түсіп, күн жылынады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Метеорологиялық қызмет мамандарының болжауынша, суық антициклон оңтүстік жылы циклонмен алмасады. Соның әсерінен қар жауып, боран соғуы мүмкін. 30-31 желтоқсанда Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында және Ұлытау облысында жаңбырдың соңы қарға ұласады деп күтілуде. Ал Қазақстанның оңтүстігінде негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады деп болжанып отыр.
Сонымен қатар республика көлемінде көктайғақ, тұман және екпінді жел күтілуде.
30 желтоқсанда елдің солтүстігінде, орталығында және 30-31 желтоқсанда шығысында күндізгі ауа температурасы 2 градус аяздан +3 градусқа дейін көтеріледі, ал республиканың оңтүстігінде 30-31 желтоқсанда ауа температурасы 5-15 градусқа дейін жылы болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2326454-2025-zhyldyng-songgy-kunderi-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/