jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қарағанды – Астана автожолы уақытша жабылды (видео)

Тасжолдағы автобус
Тасжолдағы автобус. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Қарағанды – Астана бағытындағы республикалық маңызы бар автожол уақытша жабылды, деп хабарлайды ІІМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Құзырлы органның мәліметінше, тас жолдағы шектеу күн райының күрт бұзылуы мен жауын-шашынға байланысты енгізілген.

"Осыған орай, облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген қызмет режиміне көшті.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, алыс жолдарға шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады", - делінген Telegram-дағы POLISIA.KZ арнасында жарияланған хабарламада.

Қарағанды – Астана автожолы уақытша жабылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.