jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Жауын-шашын, қолайсыз ауа райы: Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Жолды тазартып жатқан жұмысшылар
Жолды тазартып жатқан жұмысшылар. Фото: Астана әкімдігі

Астанада күн райының күрт бұзылуына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды елорда әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, Астанада қолайсыз ауа райы сақталып отыр. Түнде қалада жаңбыр жауған.

Тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себіліп жатыр.

Өткен түнде қаладан қар полигондарына 1 354 ауыр жүк көлігі рейсімен 17 мың текше метрден астам қар шығарылған.

Бүгін таңнан бастап қар тазалау жұмысына шамамен үш мың жол жұмысшысы және 1,4 мыңнан аса арнайы техника жұмылдырылған.

"Алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа аумақтарда – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда тазалау жұмысы жүргізіледі.

Сонымен қатар аула аумақтарындағы тазалықты қамтамасыз ету ПИК пен МИБ-тің міндеті екенін атап өткен жөн. Олар тұрғындардың қолайлылығы мен қауіпсіздігі үшін аулаларды қар мен көктайғақтан уақытылы тазалауы тиіс", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша мұқият болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райында алыс жолға шықпауға шақырады.

Айта кетелік, ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды – Астана бағытындағы республикалық маңызы бар автожол уақытша жабылды.

Жауын-шашын, қолайсыз ауа райы: Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.