jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

11 мыңнан астам өтініш түсті: ІІМ өкілдері елімізде Жаңа жыл түні қалай өткенін айтты

полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Полиция Жаңа жыл түні қазақстандықтардан келіп түскен 11 мың қоңырауды қабылдап, өтініштер бойынша қажет шараларды қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің ақпараттық медиапорталына сілтеме жасап.

Жаңа жылды тойлау кезінде ішкі істер органдарының қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет етті.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жаңа жыл түні көшелер мен қоғамдық орындарда ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол берілген жоқ.

31 желтоқсанның таңынан 1 қаңтардың таңы аралығында полицияның 102 жедел байланыс пультіне 11 448 өтініш түсті, оның ішінде 3 082-сі түнгі уақытта келіп түскен. Қоңыраулардың басым бөлігі анықтамалық сипатта болды. Азаматтар петардаларды пайдалану мәселелері бойынша хабарласып, мұз айдындары мен жаңа жылдық шыршалардың қайда орналасқанын нақтылады, сырғанақтарда адасып қалғандар туралы, сондай-ақ аулаларда дұрыс қойылмаған автокөліктер мен шығуға кедергі келтірген жағдайлар жөнінде хабарлады.

Түскен барлық өтініштерге полиция қызметкерлері уақытылы әрекет етіп, қолданыстағы заңнама аясында қажетті шаралар қабылдады. Қабылданған шаралар мен полицияның үйлесімді жұмысының арқасында мерекелік іс-шаралар тыныш өтті. Көшелер мен қоғамдық орындарда заң мен тәртіп толық көлемде қамтамасыз етілді.

11 мыңнан астам өтініш түсті: ІІМ өкілдері елімізде Жаңа жыл түні қалай өткенін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.