Атырау облысында бір отбасы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Опубликовано:
Читать на русском
Атырау облысында полиция қызметкерлері жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, отбасы мүшелерінің жоғалып кеткені туралы полицияға ресми арыз түспей тұрып, бес-алты ай бұрын олардың ұлы хабар-ошарсыз кеткен.
Ал күзде отбасының өзге мүшелері ауылдан кетіп қалған, олардың қайда бағыт алғанын ешкім білмейді.
Жоғалып кеткен отбасы мүшелеріне іздеу салынған, облыстық полиция департаменті жариялаған бағыттамаға сәйкес:
- 1959 жылғы Қарабалин Мақсот Мұқанғалиұлы;
- 1961 жылғы Өтешқалиева Нәсіп Бақытқызы;
- 1990 жылғы Қарабалина Мирамгүл Мақсотқызы;
- 1993 жылғы Мұқанғалиев Наурыз Мақсотұлы іздестіріліп жатыр.
ПД-ның мәліметінше, 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына Атырау қаласының тұрғыны ағасы мен оның отбасы бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арызбен жүгінген.
Белгілісі Жангелді ауылының тұрғындары қараша айында үйлерінен белгісіз бағытқа қарай шығып кетіп, әлі күнге дейін оралмаған.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ерлі-зайыпты мен олардың 33 және 35 жастағы балалары елдің оңтүстік аймағына бағыт алуы мүмкін.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2327713-atyrau-oblysynda-bir-otbasy-zhumbaq-zhagdaida-zhogalyp-ketti/