jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Көктайғақ пен жаяу бұрқасын: Қазақстан өңірлерінде ауа райы бұзылады

Қыс
Қыс. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер Қазақстанда ауа райы бұзылатынын – бұрқасын соғып, көктайғақ болатынын ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

4 қаңтарда Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ болады, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

4 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

4 қаңтарда Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз Жарма ауданында екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Семей қаласы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескерту сақталады.

4 қаңтарда түнде Батыс Қазақстан облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с-қа жетеді. Орал қаласында 4 қаңтарда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күші 23 м/с-қа жетеді.

4 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, көқтайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Тараз қаласында 4 қаңтарда кей уақыттарда тұман түседі.

4 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылорда қаласында 4 қаңтарда кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады.

Риддер қаласы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескерту сақталады.

Өскемен қаласы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескерту сақталады.

4 қаңтарда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с-қа жетеді.

4 қаңтарда күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде аздап жауын-шашын (қар, жаңбыр) түседі, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

4 қаңтарда Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қостанай қаласында 4 қаңтарда тұман түседі.

4 қаңтарда Қарағанды облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қарағанды қаласында 4 қаңтарда кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ болады.

4 қаңтарда күндіз Павлодар облысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Павлодар қаласында 4 қаңтарда күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Тұман түседі.

4 қаңтарда түнде Ұлытау облысында қар жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ болады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Жезқазған қаласында 4 қаңтарда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі.

Астана қаласында 4 қаңтарда қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі.

4 қаңтарда түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, күндіз облыстың шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

4 қаңтарда түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, тұман түсіп, қөктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Шымкент қаласында 4 қаңтарда кей уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Түркістан қаласында 4 қаңтарда түнде көктайғақ болады. Кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

4 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстікке ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Ақтөбеде 4 қаңтарда тұман түседі.

4 қаңтарда Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Алматы қаласында 4 қаңтарда кей уақытта тұман түседі. Қонаев қаласында 4 қаңтарда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Көктайғақ пен жаяу бұрқасын: Қазақстан өңірлерінде ауа райы бұзылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.