jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Телефонын жөндетпек болған": Алматыда Жаңа жыл қарсаңында жоғалған жасөспірім іздестіріліп жатыр

жеткіншек
Жеткіншек. Көрнекі фото: pexels.com

30 желтоқсанда Алматыда 14 жастағы бала жоғалып кетті. Баланың туыстары желі арқылы халыққа үндеу жасады, ал полиция іздеу қалай жүріп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда жоғалып кеткен жасөспірім туралы ақпарат желіде жаппай жарияланып жатыр. Іздеу салу туралы ақпаратқа сүйенсек, 2011 жылы туған 14 жастағы Тигран Шибаев Алматыда жоғалып кеткен. Ол 30 желтоқсанда үйінен шыққан, бірақ қайта оралмаған.

Баланың анасы да желіде үндеу жариялап, ұлының сол күні Есенова көшесіндегі үйінен шығып, Орталық универмагқа бет алғанын айтты. Оның сөзінше, Тигран телефонын жөндетпек болған.

NUR.KZ тілшісі Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сауал жолдады. Олар Жетісу аудандық полиция басқармасында кәмелетке толмаған тұрғынның жоғалып кетуіне байланысты іздеу ісі қозғалғанын хабарлады.

"Іздеу жұмыстарын үйлестіру үшін арнайы жедел іздеу тобы құрылды. Оған полиция қызметкерлері мен еріктілер ұйымдары тартылды.

Жасөспірім бұған дейін үйінен бірнеше рет кетіп қалған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, оны табу және үйіне қайтару үшін бірқатар жедел іздеу шарасы жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Полиция азаматтардан іздеу жұмыстарына көмектесетін кез келген ақпарат болса, дереу "102" нөміріне хабарлауды сұрайды.

"Телефонын жөндетпек болған": Алматыда Жаңа жыл қарсаңында жоғалған жасөспірім іздестіріліп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.