Атырау облысында бір отбасының жұмбақ жағдайда жоғалып кетуіне қатысты тың дерек шықты
Опубликовано:
Читать на русском
Атырау облысында бір отбасының жұмбақ күйде жоғалып кетуіне қатысты "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соңғы рет олардың телефондары Шымкентте іске қосылып, қайта сөндірілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Атырау облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықовтың айтуынша, қазіргі уақытта желіде тергеп-тексеруге кедергі келтіруі мүмкін түрлі тексерілмеген ақпарат таралып жатыр.
"Іздеу жұмыстары республикалық деңгейде жүргізілуде. Медициналық мекемелер, оның ішінде жеке клиникалар да қоса тексерілуде. Ұялы телефондары Қазақстан аумағының ішінде қосылып-өшірілген; олар соңғы рет Шымкентте тіркелген" - деп атап өтті ол.
Құттыбай Садықов істің неліктен Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша қаралып жатқанын түсіндірді.
"Бұл азаматтар қайтыс болды дегенді білдірмейді; бұл тек істі тергеп-тексеру мүмкіндіктерін кеңейту үшін жасалды", - деп атап өтті ол.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында полиция қызметкерлері жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасын іздестіріп жатқаны хабарланған еді. Полицияға ағасы мен отбасының бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арызбен 25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны жүгінген.
Жоғалып кеткен отбасы мүшелеріне іздеу салынған, облыстық полиция департаменті жариялаған бағыттамаға сәйкес:
- 1959 жылғы Қарабалин Мақсот Мұқанғалиұлы;
- 1961 жылғы Өтешқалиева Нәсіп Бақытқызы;
- 1990 жылғы Қарабалина Мирамгүл Мақсотқызы;
- 1993 жылғы Мұқанғалиев Наурыз Мақсотұлы іздестіріліп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2328383-atyrau-oblysynda-bir-otbasynyng-zhumbaq-zhagdaida-zhogalyp-ketuine-qatysty-tyng-derek-shyqty/