jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы туралы не белгілі

жоғалған отбасы
Жоғалған отбасы. Фото: azh.kz

Атырау облысында Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылында жоғалған отбасыны іздеу жұмыстары жалғасуда. Ауыл әкімі Қанат Ғайса отбасы мен іздеу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Ақжайық.

Әкімнің басылым тілшісіне берген мәліметінше, төрт адамнан тұратын отбасы бұрын ешқандай күдік тудырмаған және ерекше мінез-құлық көрсетпеген. Отбасы ауылдастарымен ешқандай жанжалға бармаған әрі қандай да бір мәселелерімен танылмаған.

"Олар әкімдіктен көмек сұрамаған, себебі тұрақты табыстары болды. Отбасында екі зейнеткер және мүмкіндігі шектеулі екі адам бірге тұрған. Жиырма шақты қойы мен оннан астам ірі қарасы бар еді, сонымен күн көрген", - дейді әкім.

Басылым мәліметінше, іздеу жұмыстары 3-4 қаңтарда басталған. Оған Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысуда. Әзірге нәтиже жоқ.

Әкімнің сөзінше, отбасы ауылдан қалаға қатынайтын такси қызметін пайдаланбаған. 

"Ауылымыз шағын, бөтен көлік келсе немесе біреу кетсе, бірден байқалар еді" ,- деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, әкімнің сөзінше, отбасы мемлекеттік мекемелерге сирек барған. Соңғы рет 28 қазанда қарт әйел қан қысымының жоғарылауына байланысты дәрігерге жүгінген. Мұндай жағдай оның жасындағы адамдар үшін кең таралған құбылыс.

Қазіргі уақытта отбасыны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2 қаңтарда Атырау облысында полиция қызметкерлері жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен бір отбасын іздестіріп жатқаны туралы ақпарат шыққан еді.

Полицияға ағасы мен отбасының бір айдан астам уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арызбен 25 желтоқсанда Атырау қаласының тұрғыны жүгінген.

Жоғалып кеткен отбасы мүшелеріне іздеу салынған, облыстық полиция департаменті жариялаған бағыттамаға сәйкес:

  • 1959 жылғы Қарабалин Мақсот Мұқанғалиұлы;
  • 1961 жылғы Өтешқалиева Нәсіп Бақытқызы;
  • 1990 жылғы Қарабалина Мирамгүл Мақсотқызы;
  • 1993 жылғы Мұқанғалиев Наурыз Мақсотұлы іздестіріліп жатыр.
Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы туралы не белгілі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.