jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанаға қосымша пойыздар қатынайтын болды

Пойыз
Пойыз. Фото: ҚТЖ

"Жолаушылар тасымалы" АҚ қолайсыз ауа райы мен жол қозғалысына қойылған шектеулерге байланысты Астанаға қосымша электр пойыздары қатынайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚТЖ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қолайсыз ауа райы салдарынан тас жолдарда уақытша қозғалыс шектеулері енгізілуіне байланысты ҚТЖ өңірлер арасындағы көлік қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз ету және жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында қала маңындағы пойыздарды іске қосты.

Көкшетау, Бурабай курорты, Макинка және Ақкөл станцияларынан Астана станциясына дейін жолаушыларды отырғызу үшін мына пойыздар қатынайды:

  • № 6830 "Көкшетау – Астана";
  • № 7508 "Көкшетау – Астана".

Қолайсыз ауа райы жағдайында теміржол көлігі ең сенімді әрі қауіпсіз қатынас түрлерінің бірі болып қала береді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті шараны қабылдап, азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады", - делінген "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанаға қосымша пойыздар қатынайтын болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.