jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Шымкентте мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды

Әскердегі сарбаз
Әскердегі сарбаз. Фото: freepik.com

Кеше, 6 қаңтарда Шымкент ауруханаларының бірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды, деп хабарлайды Ұлттық ұлан баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінің мәліметінше, мерзімді қызметке Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақыртылған (Тараз қаласы) әскери қызметші әскерге келген алғашқы күндерінен бастап бірнеше рет медициналық қызметкерлерге жүгінген. Сонымен бірге ол есепте тұрғаны хабарланды. 

"Есепте тұрған және Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде тексеруден өткен. 2026 жылы 6 қаңтарда мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің жүрегі кенеттен тоқтады. Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханада көз жұмды", - делінген Ұлттық ұлан хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, алдын ала диагноз – "жедел лейкоз". Аталған факт бойынша әскери-тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Жағдай ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының жеке бақылауында.

Ұлттық ұлан орны толмас қайғыға байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына  көңіл айтты.

Шымкентте мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.