jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы - Сеул бағытындағы Air Astana ұшағы Бейжіңге шұғыл қонды

Әуедегі ұшақ. Көрнекі фото
Әуедегі ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдан Сеулге ұшып бара жатқан қазақстандық Air Astana ұшағы Бейжіңге шұғыл қонды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Air Astana баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Air Astana баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 қаңтарда Сеулден Астанаға KC210 рейсін орындаған ұшақ техникалық ақауға - барлық дәретхананың істен шығуына байланысты Бейжің әуежайына шұғыл қонған.

"Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 9:25-те ұшып шығып, сағат 11:50-де аман-есен қонды. Әуе компаниясы ақауды жөндеу үшін қосалқы бөлшектің жеткізілуін күтуде. Сондықтан рейстің уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 01:00-ге ауыстырылды", - деп мәлімдеді әуе компаниясы өкілдері.

Қазіргі уақытта Қытай шекара қызметі жетекшілерінің үйлестіруі бойынша виза қажет емес жолаушыларға қонақ үйге орналасуы үшін қалаға шығуға рұқсат беру туралы ресми өтініш жіберілді. Қалған жолаушылар транзиттік аймақта қалады, онда оларға тамақ, сусындар және көрпешелер беріледі.

Әуе компаниясы жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар мен рейстің кешіккені үшін кешірім сұрайды", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Алматы - Сеул бағытындағы Air Astana ұшағы Бейжіңге шұғыл қонды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.