jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

М. Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмысы тоқтап тұрғаны рас па: министрлік мәлімдеме жасады

М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры
М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры. Фото: auezov-theatre.kz

Мәдениет және ақпарат министрлігі Алматыдағы М. Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмысы тоқтап тұрғаны туралы сыбыстарға қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында М. Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмыстарының баяу жүріп жатқаны немесе тоқтатылып тұрғаны туралы жарияланған ақпараттарға байланысты төмендегіні хабарлаймыз.

Нысанды қайта жаңғырту жұмыстары тоқтатылған жоқ. Қазіргі уақытта жоба жаңа қаржы жылының басталуын күтуде, содан кейін белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыстарды жалғастыру үшін қажетті қаражат бөлінеді.

Нысандағы жөндеу жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында.

М. Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту оның тарихи және мәдени құндылығын сақтауға қойылатын барлық талапты сақтай отырып, толық аяқталатын болады", - делінген министрлік мәлімдемесінде.

М. Әуезов атындағы театрды қайта жаңғырту жұмысы тоқтап тұрғаны рас па: министрлік мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.