38 градусқа дейін аяз: Қазақстанға суық антициклон жылжып келе жатыр
Опубликовано:
Читать на русском
Cиноптиктер алдағы күндерге, яғни, 13-15 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстандықтарға қатты аяз туралы ескертілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидромет-ке сілтеме жасап.
Метеорологиялық қызмет мамандарының мәліметі бойынша, қыс басталғалы Қазақстанда күн айтарлықтай жылы болып тұр. Дегенмен алдағы күндері Жаңа Жер аумағынан Қазақстанға суық антициклон келеді.
Республика аумағы арқылы тез тарайтын суық ауа алдымен солтүстікте, содан кейін елдің қалған бөлігінде температураның төмендеуіне айтарлықтай әсер етеді.
Болжам бойынша, 14 қаңтарда солтүстік аймақтарда, ал 15 қаңтарда шығыс аймақтарда термометр түнде 30-38 градусқа дейін төмендейді.
Синоптиктердің болжауынша, аязға қарамастан, антициклонның күрт ауысуы желдің күшеюіне әкеледі, елдің солтүстік бөлігіндегі кей аудандарда жел екпіні 28 м/с-қа жетеді деп ескертілді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2330357-38-gradusqa-deiin-aiaz-qazaqstanga-suyq-antitsiklon-zhylzhyp-kele-zhatyr/