jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Алматы әуе кеңістігінің жабылғаны" туралы желідегі жазбаға қатысты әуежай өкілдері пікір білдірді

Алматы әуежайы
Алматы әуежайы. Фото: Көлік министрлігі

Алматы әуежайының өкілдері рейстердің кешігуі мен "әуе кеңістігінің жабылғаны" туралы желідегі жазбаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Әскери іс-қимылға байланысты Алматы аспаны жабылды. Бізге ұшақты кері бұру керек екенін айтты", - делінген Threads желісінде жарияланған жазбада.

Әуежайдың баспасөз қызметі өкілдері NUR.KZ тілшісіне рейстердің кідіруі өндірістік және операциялық себептерге байланысты және штаттық сипатта болғанын айтты.

Баспасөз қызметі өкілдері Алматы әуежайы қалыпты жұмыс істеп тұрғанын және жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті.

"Алматы әуе кеңістігі жабылған жоқ. Әскери жағдай/іс-қимылдар туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Басқа сұрақтар бойынша тиісті органдарға хабарласыңыздар", - деп түсіндірді әуежай өкілдері.

"Алматы әуе кеңістігінің жабылғаны" туралы желідегі жазбаға қатысты әуежай өкілдері пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.