jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Астана әуежайы жолаушыларға ұшу кестесіндегі өзгерістер туралы ескертті

әуежай
Астана әуежайы. Фото: t.me/nqzairport

Астана әуежайы өкілдері дауылды ескертуге байланысты жолаушыларға ұшу кестесінде өзгерістер болатынын ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Астана әуежайының Telegram желісіндегі арнасының хабарлауынша, алты рейстің ұшып келу уақыты кейінге шегерілген:

Олар:

  • KC 584 Sanya – Астана,
  • DV 784 Өскемен – Астана,
  • IQ 400 Ақтөбе – Астана,
  • FS 7316 Қызылорда – Астана,
  • IQ 438 Петропавл – Астана,
  • KC 656 Доха – Астана.

"12 қаңтарда барлық облыс және республикалық маңызы бар қалаларда дауылды ескерту жарияланды. Сондықтан жолаушылардан ауа райы жағдайлары мен кестедегі өзгерістерді ескере отырып, әуежайға сапарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Рейстің нақты уақытын білу үшін әуе компаниясының байланыс орталықтарына хабарласыңыздар және www.nn-airport.kz сайтындағы әуежайдың онлайн рейстер туралы ақпарат таблосын тексеріңіздер. Әуежайдың перронында және терминал аймағында қар тазалау жұмыстары жүргізілуде, барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.

Әуежай өкілдері қолайсыз ауа райында әуежай қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

"Ұшу қауіпсіздігін және әуежайдың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жабдық бар", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қаңтарда Астанада қар жауады деп болжанған. Орташа температура -8°C болады. Күндізгі температура 0°C жетуі мүмкін, бірақ түнде температура -12°C дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8,0 м/с болады.

Астана әуежайы жолаушыларға ұшу кестесіндегі өзгерістер туралы ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.