jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Әскери іс-қимылдарға байланысты Алматы әуе кеңістігінің жабылуы": Қорғаныс министрлігі түсінік берді

Алматы әуежайы
Алматы әуежайы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қорғаныс министрлігі желідегі "Алматы әуе кеңістігінің әскери іс-қимылдарға байланысты жабылуы" туралы ақпаратқа қатысты жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Алматы әуежайының бұл мәселеге қатысты берген жауабын растап, әскери жағдайдың енгізілуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Қорғаныс министрлігі әуе кеңістігіне ешқандай шектеу қойған жоқ. Әуе кеңістігін пайдалануды уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкестікте жүзеге асырады", - деп түсіндірді министрлік өкілі.

Қорғаныс министрлігіндегілер желіде таратылып жатқан ақпаратқа ешқандай нақты негіз жоқ екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы әуежайының өкілдері рейстердің кешігуі мен "әуе кеңістігінің жабылғаны" туралы желідегі жазбаға қатысты пікір білдіргенін жазғанбыз.

"Әскери іс-қимылдарға байланысты Алматы әуе кеңістігінің жабылуы": Қорғаныс министрлігі түсінік берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.