Қазақстан азаматтығын алу: тестілеуге өтініш қабылдау қашан басталады
Опубликовано:
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткерлер үшін тестілеуге өтініш қабылдау 3-10 ақпан аралығында өтеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Орталықтың мәліметінше, өтініш беру Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеу 11 ақпанда өтеді.
Тестілеу 3 бөлімнен тұрады:
- қазақ тілі бойынша тест (қазақ тілінде) – 30 тапсырма, шекті балл – 15;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 40 тапсырма, шекті балл – 20;
- Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 30 тапсырма, шекті балл – 15.
Ең жоғары балл – 100, шекті балл – 50.
Тестілеу уақыты – 2 сағат 10 минут. Мүмкіндігі шектеулі (мүгедектігі бар) тұлғаларға тестілеу тапсыру үшін қосымша 30 минут беріледі.
Айта кетелік, бұған дейін Қазақстанда қаңтар айындағы ҰБТ басталғанын жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2330538-qazaqstan-azamattygyn-alu-testileuge-otinish-qabyldau-qashan-bastalady/