jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Қазақстанда сатылып жатқан Oreo печеньесінің қауіпті екені рас па: зерттеу нәтижесі жарияланды

Oreo печеньесі
Oreo печеньесі. Фото: Justin Sullivan/Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Oreo печеньесінің қауіптілігі туралы ақпараттан кейін жүргізілген зерттеу нәтижесін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Oreo печеньесінің қауіптілігі туралы әлеуметтік желілерде таралған, оның кремді салмасы "пластикалық желім" екені және печеньенің "артерияларды бітеп тастауы" мүмкін екені жөніндегі ақпарат шындыққа жанаспайды және ғылыми тұрғыда дәлелденбеген.

2025 жылы Oreo печеньесінің үлгілері зерттелген.

"Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша микробиологиялық және токсикологиялық көрсеткіштер бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін жағдайлар анықталған жоқ. Зерттелген барлық үлгінің таңбалануы белгіленген талаптарға толық сәйкес келді.

Комитет азаматтарды қырағылық танытуға, күмәнді дереккөздерден алынған жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерде жарияланған тексерілген ақпаратты басшылыққа алуға шақырады", - делінген хабарламада.

Қазақстанда сатылып жатқан Oreo печеньесінің қауіпті екені рас па: зерттеу нәтижесі жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.