Қазақстанның әуе кеңістігінде екі шетелдік ұшақ күрделі авиациялық жағдайға тап болды
Опубликовано:
Читать на русском
10 қаңтарда Қазақстан әуе кеңістігінде, атап айтқанда Шымкент аспанында екі ұшақ арасында авиациялық оқиға тіркелді – Airbus 320 мен Boeing 737 ұшақтары бір-біріне өте жақын келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 қаңтарда Астана уақыты бойынша шамамен сағат 05:42-де Шымкент аймақтық диспетчерлік орталығының А2И секторының жауапты аймағында "Победа" әуе компаниясының Внуково-Самарқанд бағытындағы PBD997 рейсіне және "Uzbekistan Airways" әуе компаниясының Термез-Мәскеу бағытындағы UZB9609 рейсіне қызмет көрсету кезінде авиациялық оқиға тіркелді.
Ережелерге сәйкес, аталған авиациялық оқиға тергеу органының тергеуін қажет ететін күрделі авиациялық жағдай ретінде классификацияланды.
"Көлік министрлігі күрделі авиациялық оқиғаны тергеу үшін комиссия құрып жатыр. Қосымша зерттеулер немесе жұмыстар қажет болмаса, комиссияны тағайындау туралы бұйрық шыққаннан бастап тергеу есебі бекітілгенге дейінгі тергеу мерзімі әдетте үш айдан аспайды", - деді Көлік министрлігі өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2330975-qazaqstannyng-aue-kengistiginde-eki-sheteldik-ushaq-kurdeli-aviatsiialyq-zhagdaiga-tap-boldy/