Депутат Қазақстанда неліктен комедия жанрындағы фильмдер ғана түсірілетінін айтты
Опубликовано:
Читать на русском
Депутат Елнұр Бейсенбаев мәжіліс отырысында Қазақстанда басқа жанрдағы фильмдермен табыс табу қиын болғандықтан, тек комедия түсірілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Өздерінің үстемдігін пайдаланып, ірі кинотеатр желілері кассалық кірістің бірден 50 пайызын өзіне қалдырады. Режиссерлер мен продюсерлер кинотеатрлардың қысымынан қорқып, үнсіз қалуға мәжбүр.
Кинотеатрлар экраны мен орындықтарын беру арқылы кино түсірушілерге қарағанда әлдеқайда көп пайда табады. Ең болмаса, шығынды жабу үшін фильмнің бюджетінен үш есе көп табыс табуы керек. Бұл жағдай Қазақстан киноиндустриясын тұншықтырып отыр", - деді депутат Елнұр Бейсенбаев.
Депутаттың пікірінше, елімізде тек комедия жанрындағы фильмдер ғана түсіріліп, тарихи, мәдени фильмдердің пайда болмауының себебі де осында. Оның ойынша, салмақты фильмдерді жасауға қаражат жоқ, ақшаның көп бөлігі монополист-кинотеатрларға тиесілі.
Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, мемлекеттік бюджеттен түсірілген "QAITADAN" фильмі прокатта 1 млрд теңгеден сәл асатын қаражат жинады, оның 550 миллионын кинотеатрлар алды.
"Біз кинотеатрлар, дистрибьюторлар және киностудиялар арасындағы қолданыстағы келісімдерді тексеруді және кинотеатр желілерінің өз үстемдігін пайдалану арқылы негізсіз 50 пайыз пайда тауып жатқанын анықтау үшін кешенді тексеріс жүргізуді сұраймыз", - деді депутат.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2331303-deputat-qazaqstanda-nelikten-komediia-zhanryndagy-filmder-gana-tusiriletinin-aitty/