jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Депутат жол ережесін бірнеше рет өрескел бұзғандарды қайта емтихан тапсыруға міндеттеуді ұсынды

Көлік жүргізіп келе жатқан адам
Көлік жүргізушісі. Иллюстрациялық фото: pexels.com

Бүгін мәжіліс отырысында депутат Нартай Сәрсенғалиев елімізде жол-көлік оқиғасының күрт өскеніне алаңдаушылық білдіріп, жол апатын азайтуға қатысты бірнеше ұсыныс айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Депутат ұсынған шешімдердің бірі – жол ережесін бірнеше рет өрескел бұзғандарды қайта емтихан тапсыруға міндеттеу.

"Біріншіден, жүргізуші жауапкершілігі. Тек 2024 жылы 12,6 миллион жол ережесін бұзу фактісі тіркелсе, 2025 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 9,7 миллионға жеткен. Мас күйінде ұсталған жүргізушілер саны 16 мыңнан асады. Сондықтан жол ережесін бірнеше рет өрескел бұзғандарды қайта емтихан тапсыруға міндеттеу керек", - деп мәлімдеді депутат.

Сондай-ақ ол жүргізуші куәлігін заңсыз беру фактілерін түбегейлі тоқтату керектігін жеткізді.

Нартай Сәрсенғалиевтың айтуынша, көлікке заңсыз орнатылған LED және Bi-LED шамдарға да қатаң тыйым салу қажет.

"Қарсы бағыттағы жүргізушінің көзіне шағылысатын жарық талай адамның жарық дүниемен қоштасуына себеп болып отыр", - деді ол.

Сонымен қатар депутат дронды жол сапасын бақылауға пайдалану, жол салу мен бақылаудың жаңа, ашық тетігін енгізу, біржолақты жолдарды кеңейту сынды ұсыныстар айтты. Оның сөзінше, біржолақты трассалар – өлім ошағы.

Депутат жол ережесін бірнеше рет өрескел бұзғандарды қайта емтихан тапсыруға міндеттеуді ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.