jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Атырау облысында отбасының жоғалуы: ТЖД әпкесі мен інісін іздестіру жұмыстарын тоқтатты

Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиев
Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиев. Фото: azh.kz

Атырау облысы Жангелдин ауылында Наурыз Мұқанғалиев пен Мирамгүл Қарабалинаны іздеуге бағытталған іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды "Ақжайық" басылымы.

Департаменттің мәліметінше, іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық полиция департаментінің ресми сұрауы бойынша құтқару бөлімшелері тартылып, елді мекен аумағы толық тексерілген.

"Полиция белгілеген барлық учаске толық тексерілді. Қазіргі уақытта полиция департаментінен іздестіруді жалғастыруға қатысты жаңа тапсырмалар немесе бағыттамалар түскен жоқ", - деп хабарлаған ТЖД-дан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Атырау облысында бір отбасының – ерлі-зайыпты мен олардың ересек балалары іздестіріліп жатқаны белгілі болған еді.

Облыстық ПД жариялаған бағдарға сәйкес, Мақсот Қарабалинге, Нәсіп Өтешқалиеваға және Мирамгүл Қарабалина мен Наурыз Мұқанғалиевқа іздеу жарияланды.

6 қаңтарда Атырау облыстық ПД ерлі-зайыпты өлі табылғанын, олардың ұл мен қызы әлі іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.

Кейінірек Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке (қаза тапқан ерлі-зайыптының күйеу баласы) қатысты бағдар жарияланды. Оның әйелі екеуінің қайда екені белгісіз. Оларға халықаралық іздеу жарияланды.

Сондай-ақ полиция жоғалған отбасыға қатысты іс бойынша жаңа деректерді бөлісіп, марқұм зейнеткерлердің денесінде пышақ іздері бар екенін мәлім етті.

Атырау облысында отбасының жоғалуы: ТЖД әпкесі мен інісін іздестіру жұмыстарын тоқтатты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.