jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Атырауда алып сәби дүниеге келді

жаңа туған сәби
Жаңа туған сәби. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Атырау облыстық перинаталдық орталығында салмағы 5,8 келі, бойы 61 сантиметр болатын алып сәби өмірге келді. Дәрігерлер 36 жастағы әйелге ота жасап, ана мен баланың өмірін сақтап қалған, деп хабарлайды "Қазақпарат".

Жаңа туған нәрестенің салмағы мен бойы өңір бойынша орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Әйел бастапқыда облыстық перинаталдық орталықтың жүктілік патологиясы бөлімшесіне жатқызылған. Ультрадыбыстық зерттеу нәтижесінде сәбидің салмағы шамамен 6,5 келі деп болжанған. Сондықтан дәрігерлер кесар тілігін жасау туралы шешім қабылдаған.

"Сәби - Атырау қаласының тұрғынының алтыншы перзенті. Ота сәтті өтіп, қазіргі таңда ана мен нәрестенің жағдайы жақсы, олар мамандардың тұрақты бақылауында", - деп хабарлады перинаталдық орталық.

Атырауда алып сәби дүниеге келді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.