jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Еліміздегі жетекші дәрігерлердің бірі қайтыс болды

Айгүл Қасымова
Айгүл Қасымова. Фото: instagram.com/akmaralalnazarova

Еліміздегі белгілі дәрігерлердің бірі, Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының басшысы Айгүл Қасымова өмірден өтті. Бұл туралы денсаулық министрі Ақмарал Әлназарова хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайғылы хабарды Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Бүгін еліміздің бүкіл медициналық жұртшылығы Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының тұрақты басшысы, алғашқы буын деңгейіндегі барлық реформалар мен өзгерістердің көшбасшысы, өз ісіне шынайы берілген үлкен энтузиаст Айгүл Құбашқызы Қасымованың кенеттен өмірден озғаны туралы қайғылы хабардан қатты күйзеліп отыр.

Бұл – бүкіл сала үшін орны толмас ауыр қаза. Дәл оның басшылығымен Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының базасында кейіннен жүйелі реформалардың және халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттырудың негізіне айналған пилоттық жобалар пысықталып, енгізілді.

Айгүл Құбашқызы денсаулық сақтау саласының дарынды ұйымдастырушысы, білікті менеджер, мемлекеттік деңгейде ойлайтын кәсіби маман әрі сирек кездесетін жауапкершілік сезімінің иесі ретінде ел жадында сақталады.

Оны шынайы энтузиазм, мамандығына адалдық, дәрігер мен басқарушының миссиясын терең түсіну сияқты асыл қасиеттер айрықша даралады.

Ол кең пейілді, адамдарға ашық, әрдайым қолдау көрсете білетін, шабыттандырып, ұжымды соңынан ерте алатын тұлға болды. Оның жарқын бейнесі әріптестерінің, шәкірттерінің және онымен бірге қызмет ету бақыты бұйырған жандардың жүрегінде мәңгі сақталады. Марқұмның туған-туыстарына, жақындарына, әріптестеріне және бүкіл медициналық жұртшылыққа шын жүректен көңіл айтамын. Қайғыларыңызға ортақпыз", - деп жазды ол.

Еліміздегі жетекші дәрігерлердің бірі қайтыс болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.