jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда қалың қар, 38 градусқа дейін аяз күтіледі

аязды күн
Аязды күн. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы күндері яғни 20-22 қаңтар аралығында Қазақстанда күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронттық бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді.

Елдің оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, 22 қаңтарда таулы аймақтарда қалың қар жауады. Республика бойынша тұман түсіп, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

22 қаңтарда Жаңа Жер аудандарынан ығысқан суық антициклон республиканың солтүстік жартысына әсер етіп, бұл өңірлерде ауа температурасы түнде -25...-38 градусқа дейін, күндіз -20...-30 градусқа дейін төмендейді.

Ал Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: күндіз оңтүстік өңірлерде ауа температурасы -5 градустан +3 градусқа дейін көтеріледі, таулы аудандарда -8...-13 градус, батыс өңірлерде -5...-13 градус шамасында болады.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанда қалың қар, 38 градусқа дейін аяз күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.