jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

ТШО Теңіз және Королев кен орындарындағы өндірісті уақытша тоқтатты

Теңіз кен орны
Теңіз кен орны. Фото: Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Теңізшевройл" компаниясы сақтық шарасы ретінде Теңіз және Королев кен орындарындағы өндірісті уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Kazinform агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған агенттіктің жазуынша, бұл шешім өндірістік нысандардағы электр энергиясын тарату жүйелерінің кейбір бөліктерінде туындаған мәселелерге байланысты қабылданған.

"ТШО-ның техникалық қызметтері оқиғаның бастапқы себебін анықтау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Ал негізгі мақсат – қалыптасқан жағдайды қауіпсіз түрде жою", - деп мәлімдеген "Теңізшевройл" ЖШС-ның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қаңтарда Теңіз кен орнында өрт болып, 450-ден аса жұмысшы эвакуацияланған еді.

Kazinform-ның мәліметінше, Теңіз кен орнындағы электр генераторларында екі өрт болған.

Нақтырақ айтқанда, төтенше жағдай Теңіз кен орнындағы Үшінші буын зауытының аумағында тіркелген.

ТШО Теңіз және Королев кен орындарындағы өндірісті уақытша тоқтатты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.