jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"40 градус аяз сақталады": синоптиктер 20 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты

аяз
Аязды күн. Көрнекі фото: pexels.com

Ертең, 20 қаңтарда еліміздің көптеген өңірінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің шығысында әлі қатты аяз болатыны туралы ескертелді, деп жазады "Қазгидромет"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Павлодарда күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Шымкентте кей уақыттарда тұман күтіледі. Түркістанда кей уақыттарда тұман күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман күтіледі.

20 қаңтарда Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Петропавлда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында 20-22 градус қатты аяз күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, облыстың батысында, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Қостанайда тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз сақталады. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с.20 қаңтарда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 25-27 градус қатты аяз күтіледі.

Астанада кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.

20 қаңтарда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Алматыда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаевта кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Риддер қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.

"40 градус аяз сақталады": синоптиктер 20 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.