Бейсенбіде еліміздің бірқатар бөлігінде қар жауып, жел тұрады
Опубликовано:
Синоптиктер бейсенбі күні еліміздің бірқатар облысы жауын-шашынды болатынын ескертті, деп хабарлайды "Қазгидромет"-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Атырау облысында қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ. Атырауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Шымкентте жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батыс бағытқа ауысады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Алматыда кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаевта кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда таңертең және күндіз көктайғақ күтіледі.
Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз Аягөз ауданында екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Ұлытау облысының оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман. Жезқазғанда кей уақыттарда тұман күтіледі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Таразда таңертең және күндіз қар, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.
Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.
Риддер қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.
Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.
Ақмола облысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Батыс Қазақстан облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда тұман, көктайғақ күтіледі.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Алматы облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2334129-beisenbide-elimizding-birqatar-boliginde-qar-zhauyp-zhel-turady/