jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Энергетика министрлігі Теңіздегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

"Теңізшевройл" өндірістік нысан
"Теңізшевройл" өндірістік нысан. Фото: t.me/Minenergokz

Энергетика министрлігі "Теңізшевройл" өндірістік нысандарындағы қазіргі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрліктің мәліметінше, ведомство басшысы Ерлан Ақкенженовтың тапсырмасымен энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Теңіз кен орнына барып, жағдайды бақылауда ұстау және оператормен өзара іс-қимылды үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

18 қаңтарда болған технологиялық бұзушылықты (газ турбиналық қондырғыларының өшуі) толық анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, жұмысқа кіріскен.

Комиссия құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаменті, Атырау облысы әкімдігінің энергетика басқармасы, "KEGOC" және "Теңізшевройл" өкілдері кірген.

"Мұнай өндіруді уақытша тоқтату оператор (ТШО) тарапынан персоналды және жабдықты қорғау мақсатында қауіпсіздік протоколдарына сәйкес қабылданған.

Қазіргі уақытта комиссия болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі техникалық талдауда. Барлық ресми қорытынды мен пікір тек комиссия жұмысының нәтижесі бойынша жарияланады. Жағдай Энергетика министрлігінің бақылауында", - делінген мәлімдемеде.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қаңтарда Теңіз кен орнындағы Үшінші буын зауытының аумағында өрт шығып, 450-ден аса жұмысшы эвакуацияланған еді.

Kazinform-ның мәліметінше, Теңіздегі электр генераторларында екі өрт болған.

Кейінірек Теңіз және Королев кен орындарындағы өндіріс уақытша тоқтатылғаны белгілі болды.

Энергетика министрлігі Теңіздегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.