"Азаматтардың шығынын азайтады": Қазақстанда тағы бір қызметті онлайн алуға болады
Опубликовано:
Қазақстанда сатып алу құқығымен берілетін тұрғын үйді енді онлайн режимде рәсімдеуге болады, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкіметке" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Мемлекеттік корпорация "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу" қызметін онлайн режимде көрсетуге арналған пилоттық жобаны іске қосқан.
"Енді сатып алу құқығы бар жалдамалы тұрғын үйге өтінім беріп, электрондық шартты "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ порталы арқылы рәсімдеуге болады. Бұдан кейін құқықтар мен ауыртпалықтарды тіркеуге қажетті барлық құжат "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" жүйесіне автоматты түрде жолданады", - делінген хабарламада.
Мемлекеттік корпорация өкілдерінің хабарлуынша, бұл жаңашылдық мемлекеттік қызметті алу мерзімін қысқартуға, азаматтардың шығындарын азайтуға, сондай-ақ процестің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2334462-azamattardyng-shygyndaryn-azaitady-qazaqstanda-tagy-bir-qyzmetti-onlain-aluga-bolady/