Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Опубликовано:
Синоптиктер ертең, 22 қаңтарда Қазақстанның бірқатар өңірінде қалың қар жауатынын ескертті. Түркістан, Жетісу, Алматы облысында қар жаууы ықтимал, деп хабарлады "Қазгидромет".
Жетісу облысының таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда таңертең және күндіз тұман күтіледі.
Түркістан облысында қар, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, түнде облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Шымкентте қар, түнде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қатты қар күтіледі.
Қарағанды облысында қар, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Қарағандыда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Өскеменде тұман күтіледі.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.
Қызылорда облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Қызылордада жолдарда көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, облыстың таулы аудандарында қатты қар, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Таразда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оралда тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі.
Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
Риддер қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады.
Ақмола облысында түнде аздаған қар, күндіз аздаған қар, облыстың оңтүстігінде, шығысында қар күтіледі. Жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
22 қаңтарда алдағы сағатта және күннің сонына дейін Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман сақталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2334567-elimizding-birqatar-ongirinde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/