jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Жамбылда қызылордалық 22 бала жаппай уланды: басқарма ақпаратты жоққа шығарды

Аурухана палатасы
Аурухана палатасы. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

Қызылордадан Жамбыл облысына оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін барған 22 баланың жаппай улануы туралы деректі Қызылорда облыстық спорт және туризм басқармасы жоққа шығарды. Бұл туралы kazinform хабарлайды.

Басылымның ведомствоға сілтеме жасап хабарлауынша, 15 қаңтарда Тараз қаласының Меркі ауданындағы "Тұран" демалыс аймағында грек-рим күресінен бірнеше облыстың құрама командалары кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатына дайындыққа кіріскен. Оқу-жаттығу жиыны осы мақсатта жүргізілген.

"Жиын барысында, яғни 21 қаңтар күні облыс құрамасындағы 3 баланың дене қызуы көтеріліп, іші қатып, аудандық ауруханаға жеткізілген. Осы жағдайға байланысты жаттықтырушылар қалған 19 баланы қосымша медициналық тексерістен өткізген. Тексеріс барысында спортшылардан ешқандай ауру белгілері анықталған жоқ. Спортшылар 29 қаңтар күні жаттығу жиыны аяқталған соң грек-рим күресінен ел біріншілігіне қатысады", - делінген хабарламада.

Басқарма жағдайды қатаң бақылауға алғанын жеткізді. 

Еске салсақ, Жамбылы облысы әкімдігі 2026 жылғы 21 қаңтарда сағат 22:40 шамасында Меркі аудандық көпбейінді орталық ауруханасына "Тұран" демалыс орнынан 12-17 жас аралығындағы 22 жасөспірім жеткізілгенін, олар Қызылорда облысынан ауданға күрес түрінен оқу-жаттығу жиынына келгенін жазған едік.

"Алдын ала диагноз – этиологиясы анықталмаған гастроэнтерит. Аурудың себептерін анықтау мақсатында пациенттерден және тағам өнімдерінен зертханалық сараптамалар алынған, қазіргі таңда қорытындысы күтілуде. Аталған жағдай бойынша облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар бұл факті 2026 жылғы 21 қаңтарда Меркі аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Құзырлы органның тексеру қорытындысы негізінде тиісті процестік шешім қабылданады.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасына сәйкес, оқиға орнына облыс әкімінің орынбасарлары Айжан Есмағамбетова мен Серік Сәлемов барып, жедел штаб отырысын өткізген.

Жамбылда қызылордалық 22 бала жаппай уланды: басқарма ақпаратты жоққа шығарды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.