jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Жексенбіде Алматы мен еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

көктайғақ
Көктайғақ. Иллюстрациялық фото: LeManna / Getty Images

Ертең, 25 қаңтарда Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды. Сонымен бірге Алматы мен Шымкентте де ауа райы бұзылуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Алматыда және Қонаевта 25 қаңтарда түнде тұман, жолдарда көктайғақ болатыны болжанады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі деп күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсетіні болжанады.

Түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Жарма ауданындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ болады, облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарныда тұман болатыны болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Шымкентте 25 қаңтарда түнде қар жауса, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болатыны болжанады, кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түркістанда 25 қаңтарда түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.

Жексенбіде Алматы мен еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.