jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Алматы тауларында аяғын сындырып алған 59 жастағы альпинист құтқарылды

Алматы
Тау. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Бүгін таңертең Алматы қаласы Медеу ауданында, теңіз деңгейінен 3630 метр биіктікте орналасқан Мыңжылқы шыңында ТЖМ құтқарушылары зардап шеккен альпинисті эвакуациялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23-ші әмбебап құтқару бөлімшесіне альпинизм нұсқаушысынан 59 жастағы ер адам аяғын жарақаттап алғаны және биік таулы жерлерден өздігінен жүре алмай жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына шұғыл көмек көрсету үшін 23-ші әмбебап бөлімшенің құтқарушылар экипажы, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығының реанимобилі дереу жіберілді. Құтқарушылар қысқа мерзім ішінде Мыңжылқы шыңына жетіп, зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны эвакуациялады.

"Апаттар медицинасы орталығының реанимобилі тәулік бойы жұмыс істейді және Шымбұлақ тау шаңғысы курортының жанында кезекшілік етеді", - делінген хабарламада.

Алматы тауларында аяғын сындырып алған 59 жастағы альпинист құтқарылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.