jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: кей өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

қолайсыз ауа райы
Қолайсыз ауа райы. Көрнекі фото: Creative Touch Imaging Ltd./NurPhoto via Getty Images

Синоптиктер 26 қаңтарда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

"Қазгидромет" мәліметінше, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, күндіз көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түсуі мүмкін. Ақтауда көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман. Жезқазғанда кей уақыттарда тұман болуы ықтимал.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, 27-28 қаңтарда облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Қонаевта түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады деп болжанады.

Алматыда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында екпіні 15 м/с болады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Таразда кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын болады деп болжанып отыр.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарныда тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың тау асуларында 15-20 м/с. Түркістанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Шымкентте кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с болады.

Абай облысында қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысында түнде солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында қар, күндіз облыстың шығысында, таулы аудандарында қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда түнде кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсуі мүмкін.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодарда қар, бұрқасын, тұман күтіледі.

Тұман, көктайғақ, бұрқасын: кей өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.