Сәпиев пен орынбасарына қатысты жанжал: спорт басқармасында тексеру басталды
Опубликовано:
Қарағанды облысының спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында туындаған жанжалдан кейін тексеру басталды. Бұл туралы өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Басқармада тексеру басталғаны туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.
"Оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі әділ зерделеу мақсатында спорт басқармасында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тиісті департаменті тарапынан тексеру басталды. Сонымен қатар басқарманың қызметіне кешенді аудит жүргізу көзделіп отыр", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында төбелес болып, Сәпиевтің дене жарақатын алғаны туралы ақпарат тараған еді.
Полиция 42 жастағы Қарағанды тұрғынының шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын мәлім етті.
Кейінірек әлеуметтік желіде Сәпиев пен орынбасарының арасында болған жанжалдың видеосы тарады.
Сондай-ақ бұл оқиғаға қатысты Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері пікір білдірді.
Бұл оқиға бойынша Астана дзюдо федерациясының президенті Айдар Махметов та пікір білдіріп, ешкім ешкімді ұрмағанын және жанжалдың неден туындауы мүмкін екенін айтты.
Сонымен қатар Серік Сәпиевтің өзі де мәлімдеме жасап, жанжалдың себебін айтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2335560-sapiev-pen-orynbasaryna-qatysty-zhanzhal-sport-basqarmasynda-tekseru-bastaldy/