jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Серік Сәпиевтің орынбасары: Шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарап жатыр

Дәурен Есімханов
Дәурен Есімханов. Фото: instagram.com/daurenesimkhanov

Қарағанды ​​облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Есімханов Серік Сәпиевпен арада болған жанжал туралы алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қазіргі уақытта әлеуметтік желі мен БАҚ-та шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таралуда. Арандатуға ермей, жағдайды ушықтыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді сұраймын", - деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында төбелес болып, Сәпиевтің дене жарақатын алғаны туралы ақпарат тараған еді.

Полиция 42 жастағы Қарағанды тұрғынының шағымы бойынша қылмыстық іс қозғады, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқаны хабарланды.

Кейінірек әлеуметтік желіде Сәпиев пен орынбасарының арасында болған жанжалдың видеосы тарады.

Сондай-ақ бұл оқиғаға қатысты Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері пікір білдірді.

Бұл оқиға бойынша Астана дзюдо федерациясының президенті Айдар Махметов та пікір білдіріп, ешкім ешкімді ұрмағанын және жанжалдың неден туындауы мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар Серік Сәпиевтің өзі де мәлімдеме жасап, жанжалдың себебін айтты.

Серік Сәпиевтің орынбасары: Шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарап жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.