Қазақстанда телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады
Опубликовано:
Қазақстанда 28 қаңтарда жоспарлы профилактикалық жұмыстарға байланысты телевизия мен радио арқылы хабар тарату уақытша тоқтатылады. Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Қазтелерадио" АҚ ұлттық спутниктік, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадиохабар тарату жабдықтарында, сондай-ақ деректерді беру желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды.
Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес, 2026 жылғы 28 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейінгі аралықта жүргізіледі.
Жұмыстарды жүргізу кезінде OTAU TV спутниктік теледидары, эфирлік цифрлық және аналогтық телерадиохабар тарату, сондай-ақ деректерді беру және телефония қызметтерін көрсетуде уақытша үзілістер болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
"Қазтелерадио" АҚ туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2335767-qazaqstanda-televiziia-men-radio-arqyly-habar-taratu-uaqytsha-toqtatylady/