jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Моншада, қоймада мектеп ашып алған": Қазақстанда қандай жекеменшік мектептер жабылуы мүмкін

оқу құралдары
Оқу құралдары. Көрнекі фото: pexels.com

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова үкіметтегі брифингте жекеменшік мектептерді лицензиясынан айыру туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство басшысы 2025 жылы Қаржы министрлігі жекеменшік мектептердегі мемлекеттік тапсырысты орналастырудың заңдылығына байланысты ішкі аудит жүргізгенін еске салды.

Министр бірнеше мәселеге тоқталып өтті. Айтуынша, 880-нен астам жекеменшік мектеп бар. Соның 785-і бүгінгі таңда цифрландырудан өтіп, мемлекеттік тапсырысты ала бастады. Бұған қатысты Оқу-ағарту және Қаржы министрлігінің әкімдіктермен бірлескен мемлекеттік тапсырысты орналастырудың пилоттық жобасы жүзеге асырылды. Соның негізінде біраз бұзушылықтар анықталған.

"Ең бірінші талабымыз – жекеменшік мектептердегі мүғалімдердің штат саны 90 пайызды құрау қажет. Көптеген мектеп соған жете алмады. Сонымен қатар лицензия бойынша білімнің міндетті стандартын толық орындау қажет. Оған байланысты да біраз кемшіліктерді көріп отырмыз. 2026 жылдан бастап Бас прокуратура мен жергілікті атқарушы органдар постлицензиялық бақылау жүргізеді", - деді министр.

Бұған қоса министр жекеменшік мектептерге қатысты талаптарды да айта кетті.

"Қазіргі уақытта бізде үш негізгі талап бар: білім беру сапасы, мүғалімдермен қамтылуы және білікті кадрлардың болуы және балалардың қауіпсіздігі. Осы үш талапқа сай келсе, лицензия қалады, әйтпесе, постлицензиялық бақылаудан кейін уәкілетті органдар тиісті шешім қабылдайды. Ең негізгі мақсат – сапалы жекеменшік мектептерді қалдыру. Ғимараттар мәселесі де бар, өздеріңіз білетіндей, кейбірі моншада, қоймада мектеп ашып, 10 жылдан бері уақыт жұмыс істегенін біліп отырмыз, онымен қоймай соңғы бес жылда сол мектептер мемлекеттік тапсырыс алғаны белгілі болып отыр. Бұл да – салғырттық. Біз мұндай заң бұзушылықтарды жоямыз" - деп түйіндеді сөзін Жұлдыз Сүлейменова.

"Моншада, қоймада мектеп ашып алған": Қазақстанда қандай жекеменшік мектептер жабылуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.