jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қазақстан әйелдеріне шетелдіктерге суррогат ана болып қызмет көрсетуге тыйым салынады

Жүктілік
Жүктілік. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстандық әйелдерге шетелдіктерге суррогат ана болуға тыйым салынады. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Былтыр жыл соңында депутат Гүлдара Нұрым Қазақстанда суррогат ана болу мәселесін көтеріп, елде бұл мәселеге қатысты заң тым әлсіз екенін мәлімдеді.

Депутат сауалы

Депутат Қазақстанда суррогат аналарға ел азаматтары да, шетел азаматтары да тапсырыс бере алатынын атап өткен еді. Бұл баланың азаматтығы мен ата-ана құқықтарын анықтаумен байланысты түрлі сот дауына әкеп соғады.

"Қазақстанның "репродуктивті туризм" бойынша сұранысқа ие болуының себебі – елдегі салыстырмалы түрде "жұмсақ" заң. Себебі көршілес елдерде (Ресей, Қытай) және бірқатар дамыған елде (Германия, Франция) шетел азаматтары үшін суррогат ана болуға толығымен тыйым салынған немесе қатаң шектеулер бар", - деді депутат Гүлдара Нұрым.

Ол Қазақстан Республикасында суррогат ана болу қызметін тек Қазақстан азаматтарына ғана көрсету мәселесін қарастыруды ұсынған болатын.

Тыйым салынады

Депутат сауалына берген жауабында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қазіргі таңда елімізде Қазақстан азаматтары да, шетелдіктер де суррогат ана қызметіне тапсырыс бере алатынын растады.

Оның сөзінше, бұл түрлі жанжалдар мен сот процестеріне себеп болуда.

"Бүгінде Қазақстанда суррогат ана болу қызметін тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана көрсету туралы заңнамаға түзетулер енгізу қажеттілігі туындап отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі "Неке және отбасы" туралы кодекске түзетулер дайындады және ол қазіргі уақытта тиісті мемлекеттік органдардың қарауында. Бекітілгеннен кейін бұл түзетулер белгіленген рәсімдерге сәйкес парламентке ұсынылады", - деп жауап берді Бозымбаев.

Басқа да өзгерістер

Сонымен қатар Қазақстанда суррогат ана болу туралы келісімдерді Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде міндетті түрде тіркеуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдана бастады.

"8 қаңтарда мүдделі мемлекеттік органдармен кездесу өткізіліп, қоғамдық ұйымдардың, депутаттардың ұсыныстарын және халықаралық тәжірибені жан-жақты зерттеу бойынша тапсырмалар берілді. Рекрутингтік агенттіктерді лицензиялау мәселелері де заңнамаға сәйкес қарастырылады", - деп жауап берді Бозымбаев.

Қазақстан әйелдеріне шетелдіктерге суррогат ана болып қызмет көрсетуге тыйым салынады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.