jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

"Сананы біртіндеп улайды": депутат зиянды психологиялық курстарға қатысты қатаң шара қабылдауды ұсынды

блокнот
Блокнотқа жазып отырған әйелдер. Көрнекі фото: pexels.com

Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантай бас прокурор Берік Асылов пен мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға зиянды психологиялық курстар туралы сауал жолдап, оларға қатаң шара қолдануды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Депутат Жарқынбек Амантай бұл тақырыпта таяуда әріптесі Айдос Сарым да депутаттық сауал көтергенін еске салып өтті. Мәселенің өткір, өзектілігі мен азаматтардың санасын улаудағы ауыр салдарын ескере отырып, депутат бұл сұраққа қайта оралуға мәжбүр екенін айтты.

Оның сөзінше, бүгінде жарнамасы жаңғырып тұрған тренингтер азаматтарға пайда емес, керісінше, рухани, психологиялық және қаржылық зиян келтіріп отыр.

Депутат бірнеше интернет платформаны мысалға келтіріп, олардың адам санасын қалай жаулап, рухани, қаржылай зиян келтіріп отырғанын айтып берді.

"Барлығының жұмыс істеу әдісі бір. Таңертең қатысушылардың телефондарын жинап алады. Одан кейін психологиялық және моральдық қысымға негізделген "ақыл-кеңестер" арқылы адамның жеке кеңістігіне қол сұғып, санасын біртіндеп улайды.

Содан кейін не болады? Әрине, өзінің талап-міндеттерін оңай орындата бастайды. Курстың бірінші курста адамды көпшілік алдында жеке проблемасын ашық айтуға мәжбүрлейді. Бірі жылайды, бірі айқайлайды, бірі күледі, бірі билейді. Тіпті кейбіріне еденді тілімен жалау, бір-бірінің түкірігін ішкізу сияқты айтуға ауыз бармас сорақы әрекеттер жасатады.

Екінші курста жағдай одан әрі ушығады. Қатысушыларға әлеуметтік рөлін өзгерту міндеттеледі: ер адамға әйел киімін киіп, көшеде жүру тапсырылуы мүмкін немесе өзін "бомж" кейпіне салып, қоқыс маңында тамақ жеу талап етіледі.

Осылайша бұл тренингтер адам санасын тәжірибе алаңына айналдырады.

Ал курс аяқталған соң қысымның жаңа түрі басталады.

Қатысушыға міндетті түрде үш адамды курсқа тарту талабы қойылады. Орындай алмаса тағы да қорқыту, психологиялық қысым, әуелде өзі әшкерелеген қылмыстары мен айыптарын жариялау, жобадан шығарамыз деген сынды үрей туғызады", - дейді депутат.

Осыған байланысты мәжілісмен уәкілетті органдардан бірнеше талапты қарастыруды сұрады:

  • Тиісті министрліктер мен уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан аталған курстардың бағдарламалық мазмұнына, қолданылатын әдістемелеріне және олардың заңнамаға сәйкестігіне ресми тексеру жүргізу.
  • Азаматтарды қорлау, психологиялық қысым көрсету, мәжбүрлеу және манипуляция белгілері бар әрекеттерге құқықтық баға беріп, анықталған фактілер бойынша нақты шаралар қабылдау.
  • Осындай тренингтік бағдарламаларды лицензиялау, сертификаттау және мемлекеттік реттеу тетігін енгізу қарастыру керек.
"Сананы біртіндеп улайды": депутат зиянды психологиялық курстарға қатысты қатаң шара қабылдауды ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.