Қытаймен шекарадағы автокөлік өткізу пункттері бірнеше күн жұмыс істемейді
Опубликовано:
Мемлекеттік кірістер комитеті Қытаймен шекарадағы автокөлік өткізу пункттері бірнеше күн жұмыс істемейтінін ескертті, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2026 жылғы 16-18 ақпанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды", - делінген хабарламада.
Ал Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
"Тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуге ниетті адамдардан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2336742-qytaimen-shekaradagy-avtomobil-otkizu-punktteri-birneshe-kun-zhumys-istemeidi/