jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

"Тоғысқан тағдырлар" телехикаясының актері 76 жасына қараған шағында қайтыс болды

Анатолий Креженчуков
Анатолий Креженчуков. Фото: instagram.com/lermontov.theatre/

Қазақстандық театр мен кино актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Анатолий Креженчуков 76 жасына қараған шағында көз жұмды. Ол "Тоғысқан тағдырлар" телехикаясында рөл сомдаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

М. Лермонтов атындағы ұлттық орыс драма театрының Instagram парақшасындағы ақпаратқа сай, театр ақсақалы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Анатолий Креженчуков көз жұмған.

"Әртіс бұрыннан ауыр дертпен күресіп келген, бірақ өмірінің ақтық демі таусылғанша дертті жеңеді деп сеніп келдік. Бірақ, өкінішке қарай, адам мүмкіндіктері шексіз емес", - деді театр өкілдері.

Анатолий Николаевич Креженчуков - 1950 жылы 4 наурызда Алматы қаласында туған. Құрманғазы атындағы Өнер институтының театр факультетін бітірген (1973), театр және кино актері. 1973 жылдан бері - М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері.

"Мужской род, единственное число" (Френк Хардер), "Танго" (Эдек), "Эзоп" (Агностос), "Ищите женщину" (Клебер Карлье), "Как важно быть серьезным" (Чезюбл), "Сети дьявола" (Раскольников), "На дне" (Сатин), "Нахлебник" (Карпачов), "Человек, который платит" (Александр Амилькар), "Король Лир" (Граф Кент), "Вишневый сад" (Симеонов-Пищик) спектакльдерінде рөлдер орындайды.

"Қазақфильм" киностудиясының "Возвращение сына", "Погоня в степи", "Граница", "Земля людей", "Ликвидатор", "Махамбет" фильмдеріне, "Тоғысқан тағдырлар" (доктор Платонов) телехикаясына түскен. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

"Тоғысқан тағдырлар" телехикаясының актері 76 жасына қараған шағында қайтыс болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.