Қазақстанның барлық өңірі бойынша ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Опубликовано:
Синоптиктер Қазақстанның 17 өңірі бойынша ауа райына байланысты ескеррту жасады. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлайды.
"Қазгидромет" РМК-сы таратқан мәліметтерге қарағанда, Астанада 29 қаңтарға қараған түні және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында және орталығында көктайғақ пен тұман болжанып отыр. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау облысының батысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Шығыс және оңтүстік аудандарда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-ке жетеді.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз тұман түседі.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталық бөлігінде тұман түседі.
Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында кей уақытта тұман түседі. Облыстың шығысында солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік және шығыс аудандарда оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Шығысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі.
Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Күндіз таулы және тау етегіндегі аудандарда қар мен жаяу бұрқасын сақталады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел түнде таулы аудандарда солтүстік-шығыстан, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Қызылорда облысының орталығында және оңтүстігінде түнде аздаған қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұман мен жаяу бұрқасын күтіледі.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аймақтарында қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ пен тұман күтіледі. Солтүстік және таулы аудандарда солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде, ал күндіз жалпы өңірде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2336847-qazaqstannyng-barlyq-ongiri-boiynsha-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/