jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

"Наразылық жиілеп отыр": Ақтау прокуроры қала тұрғындарына үндеу жасады

Дауылбай Нұрлыбайұлы
Дауылбай Челпеков. Видеодан кадр: t.me/GenPr

Ақтау қаласының прокуроры Дауылбай Челпеков көппәтерлі үйлердің құрылысына қатысты тұрғындардың наразылығына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Прокурордың үндеуі Маңғыстау облысы прокуратурасының ресми сайтында жарияланды.

"Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Кейінгі уақытта Ақтау қаласында көппәтерлі үйлердің құрылысына қатысты тұрғындардың наразылығы жиілеп отыр.

Негізгі мәселелер – үлестік құрылыс және аяқталмаған нысандардың жылу, ауыз су, электр желілеріне қосылмауы", - деді Дауылбай Челпеков.

Оның айтуынша, тұрғын үйлерді салуға берілген рұқсат пәтер сатуға рұқсат болып саналмайды. Бұл – екі түрлі құқықтық құжат.

Қолданыстағы "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңға сәйкес, құрылыс жүргізу сатысында пәтер сату тек Қазақстан тұрғын үй компаниясының немесе әкімдіктің тиісті рұқсаты алынған жағдайда ғана заңды, басқа жағдайларда пәтер сатуға тыйым салынады.

Бұдан бөлек, қала аумағында пайдалануға қабылданбағанына қарамастан, тұрғындар қоныстанып алған көппәтерлі үйлер бар. Бүгінде үйлерді инженерлік желілерге қосуға кедергілер туындап отыр.

"Заңға сәйкес, азаматтарды көппәтерлі үйге қоныстандыру тек құрылыс толық аяқталып, пайдалануға қабылдау актісі алынғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Қабылдау актісі жоқ үйге қоныстандыру – заңсыз және әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Осыған байланысты азаматтарға пәтер сатып алмас бұрын, тұрғын үйдің заңдылығын әкімдіктен немесе оның ресми ақпарат көздерінен міндетті түрде тексеру қажет.

Прокуратура заң үстемдігінің қатаң сақталуын қадағалайтынын ескертеді", - деп мәлімдеді Ақтау прокуроры.

"Наразылық жиілеп отыр": Ақтау прокуроры қала тұрғындарына үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.